Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Орынбасарова Мадина мен Бегейқызы Гүлшат үзіліс уақытында оқушылар мен мұғалімдерге арналған танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қызықты сұрақтар қойылып, суреттегі тарихи тұлғаларды анықтау тапсырмалары ұсынылды. Белсенділік танытқан қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен, жақсы әсер алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл шара көпшілік тарапынан оң бағасын алды.
KZ
