Skip to content

Кітапхана

Өткізілген іс-шаралар

23 сәуір – Ұлттық кітап күні! Құрметті ұстаздар, оқушылар және кітапсүйер қауым! Осы мерекеге орай мектебімізде танымдық, мазмұнды әрі қызықты шаралар ұйымдастырылады. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту және рухани құндылықтарды дәріптеу. Баршаңызды белсене қатысуға шақырамыз! 📖 Кітап оқиық! 💭 Ой бөлісейік! 🌱 Саналы ұрпақ болайық!

17.04.2026

2 сәуір – Балаларға арналған халықаралық кітап күніне орай мектеп кітапханашылары “Кітап – ғажайып әлем” атты танымдық сағат өткізді. Оқушылар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаш оқып, мақалдардың жалғасын тапты. Сондай-ақ, балалар ақын-жазушылар шығармаларымен танысты. Шара соңында белсенді оқушылар тәттілермен марапатталды.

06.04.2026