2 сәуір – Балаларға арналған халықаралық кітап күніне орай мектеп кітапханашылары “Кітап – ғажайып әлем” атты танымдық сағат өткізді. Оқушылар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаш оқып, мақалдардың жалғасын тапты. Сондай-ақ, балалар ақын-жазушылар шығармаларымен танысты. Шара соңында белсенді оқушылар тәттілермен марапатталды.