Skip to content

№3 Педагогикалық кеңес

Мектебімізде №3 педагогикалық кеңес ұйымдастырылып, бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде:

🔹 І жартыжылдықтың қорытындысы, мәселелері және шешу жолдары.

БЖБ, ТЖБ талдауының қорытындылары бойынша ақпарат берілді.

Баяндамашы: К.Б. Турланова

🔹 География, химия-биология пәндерінің жүргізілу жағдайы.

Пәндер бойынша кездескен мәселелер мен кедергілер, ТЖБ қорытыныдысы талданып, білім сапасы ең жоғары және ең төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптар салыстырылды.

Баяндамашы: К.Б. Турланова

🔹 Аттестациядан өтетін мұғалімдермен жүргізіліп жатқан жұмыс барысы.

Баяндамашы: Э.Б. Калымбаева

🔹 Оқушылардың ғылыми конкурстарға, олимпиадаларға қатысу деңгейі мен нәтижелері.

Мектептегі «Ұшқын» дарынды балалар тобының атқарған жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Баяндамашы: Ш.К. Мухамедиярова

🔹 Негізгі және жалпы орта мектеп бітірушілерін “Үздік аттестатқа” ұсыну мәселесі.

Баяндамашы: У.К. Икаева

🔹 І жартыжылдық бойынша Mektep.edu.kz электрондық журналының толтырылу жағдайына жүргізілген бақылау қорытындысы.

Баяндамашы: Н.Ж. Бегенова

Педагогикалық кеңес барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.