Skip to content

4 “А” сыныбында «Қош бол, бастауыш!» атты бастауышпен қоштасу тәрбие сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқушылар бастауыш сыныпта алған білімдері мен қызықты сәттерін еске алып, ән айтып, би билеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, ұстаздарына алғыстарын білдіріп, алдағы орта буынға қадам басуға дайын екендіктерін көрсетті.

Бұл кеш — балалықтың бал дәуренімен қоштасып, жаңа белеске бастар ерекше әрі әсерлі сәт болды. Оқушыларымызға жарқын болашақ, биік белестер мен толағай табыс тілейміз!