Skip to content

Жалау Мынбаев атындағы мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы өтті

21 қаңтар күні Жалау Мынбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Ұрпақ болашағы – ортақ жауапкершілік» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында бала тәрбиесі, 2-тоқсан қорытындысы, заң мен тәртіп, сондай-ақ суицидтің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Ата-аналарға баланың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің ортақ рөлі түсіндірілді.

Жиналыста мектеп әкімшілігі тарапынан МДТЖО Дүйсен А, МДОІЖО Турланова К, мектеп психологы Төлеуова А баяндама жасап, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесіне қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Түпқараған ауданы ПБ ҚҚб Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Байкуренова Гүлжан Жанбырбаевна заң және тәртіп талаптары, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиналыс соңында ата-аналар көкейіндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетіні атап өтілді.