Skip to content

Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы мен МКҚК “Ақбота” бөбекжайы арасындағы сабақтастық аясында “Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен” атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды.

🎯 Сайыстың мақсаты:
Бөбекжай мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту, балалардың мектепке дайындығын арттыру, білім беру үдерісінің бірізділігін сақтау, сондай-ақ ата-ана мен педагогтар арасындағы тиімді серіктестікті дамыту. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттап, отбасындағы бірлік пен ұйымшылдықты спорт арқылы арттыру.

🏅 Сайыс өте көңілді, белсенді және тартысты өтті. Жарысқа 4 отбасы қатысып, өз ептіліктері мен ұйымшылдығын көрсетті.

Нәтижелер:
🔸 Бас жүлде – Ғалымжановтар отбасы
🔸 I орын – Назарбаевтар отбасы
🔸 II орын – Сағындықовтар отбасы
🔸 III орын – Шоғыбаевтар отбасы

👏 Қатысқан барлық отбасыларға белсенділіктері мен бірлігі үшін алғыс айтамыз!
Отбасы – бала тәрбиесінің берік негізі.