Skip to content

Мектепішілік дебат өтті

Мектепте 8-сынып оқушылары арасында «Қатаң жаза қылмысты азайта ма?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.

🎯 Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сыни ойлау қабілетін дамыту және өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету.

🗣 Дебат барысында оқушылар нақты мысалдар келтіріп, заң, тәртіп және адам құқықтары туралы өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылардың сөйлеу мәдениеті, дәлел келтіру дағдысы және қарсы пікірді құрметтеу қабілеті айқын көрінді.

📚 Аталған дебат оқушылардың құқықтық санасын арттырып, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.

✨ Осындай мазмұнды іс-шаралар оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жол ашады.