Skip to content

Мектеп психологы Төлеуова Айдана мұғалімдерге арналған «Жаныңда жүр – жақсы адам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – педагогтардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, бір-біріне қолдау көрсету, ұжым ішіндегі жағымды қарым-қатынасты нығайту және кәсіби күйзелістің алдын алу.

Іс-шара барысында мұғалімдер түрлі психологиялық жаттығуларға қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті, жағымды эмоция алып, сергіп қайтты. Тренинг жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл күй мен мотивация сыйлады. 🌿✨

Осындай пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.