Мектебімізде «Өмірге “Иә” деп айт!» психологиялық онкүндігі аясында
«Өмір – ең үлкен құндылық» тақырыбында ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, психологиялық саулықты нығайту, өз өмірінің құндылығын сезіндіру.
Онкүндік аясында:
ашылу салтанаты;
«Өмір – ең үлкен құндылық» тақырыбында ақпараттық бұрыш безендірілді;
мотивациялық жаттығулар жүргізілді;
өмірлік қиындықтарды еңсеру, күйзелістің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шаралар оқушылардың эмоционалдық жағдайын қолдауға, өзіне сенімділігін арттыруға және өмірге деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды.
Психологиялық онкүндік аясындағы жұмыстар алдағы күндері де өз жалғасын табады.
Өмірді бағалайық, өмірге «Иә» деп айтайық! ![]()
KZ
