«Өмірге “Иә” деп айт!» онкүндігі аясында
мұғалімдерге арналған «Ең… Ең… Ең мұғалімді құшақта» тақырыбында
көңіл күй сыйлау шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты – ұстаздарға жағымды эмоция сыйлау, ұжым ішіндегі жылылық пен бірлікті нығайту, күнделікті жұмыстың қарбаласында бір сәт демалып, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру.
Көңілді үзіліс барысында:
ең мейірімді,
ең көңілді,
ең сабырлы,
ең шабыттандыратын мұғалімдер анықталып,
жылы лебіздер мен шынайы құшақтар сыйға тартылды.
Осындай қарапайым, бірақ жүрекке жылу сыйлайтын сәттер өмірдің қаншалықты құнды екенін тағы бір еске салды.
Өмірге “Иә” деп айтайық, бір-бірімізге жылу сыйлайық!
KZ
