Skip to content

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

8–10 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау» тақырыбында психологиялық-педагогикалық кеңес беру жұмыстары өткізілді. Кеңес берудің мақсаты: Оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, өз әрекеттерінің салдарын түсіндіру және жауапкершілікті мінез-құлық қалыптастыру.

Кеңес беру барысында оқушылармен ашық сұхбат жүргізіліп, өмірлік жағдаяттар талқыланды, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Жұмыс жасөспірімдердің заң талаптарын сақтауға, дұрыс таңдау жасауға және қоғамдағы тәртіп нормаларын құрметтеуге бағытталды.

Мұндай кеңес беру жұмыстары оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіз әрі саналы мінез-құлықты дамытуға ықпал етеді.