Skip to content

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыру

2–3 сынып оқушыларымен «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың зейінін, ойлауын, есте сақтауын және қиялын дамыту.

Тренинг барысында логикалық тапсырмалар, қимылды және дамытушы ойындар, топтық жаттығулар ұйымдастырылды. Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Жаттығулар оқушылардың ойлау жылдамдығын арттырып, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды.

Мұндай тренингтер оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылығын арттырып, өз мүмкіндіктеріне сенімді болуына ықпал етеді.