4-сынып оқушыларымен «Менің жеке шекарам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – оқушыларға жеке шекара ұғымын түсіндіру, өз сезімін тануға, «жоқ» деп айта білуге және өзгенің шекарасын құрметтеуге үйрету.
Тренинг барысында балалар қимылды ойындар, топтық жаттығулар және талқылау арқылы өз құқықтары мен қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгерді. Оқушылар белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, жақсы көңіл күйде жұмыс жасады.
Осындай тренингтер балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, қарым-қатынаста ашық әрі сыйластыққа негізделген орта қалыптастыруға ықпал етеді.
KZ
