Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды, еңбекке құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында мектебімізде аудан ардагерлерімен мазмұнды кездесу өтті ![]()
Кездесуге Сәтбаева Әминаш – ардагер ұстаз қатысты
. Ол Т.Г. Шевченко атындағы орта мектепте, кейін Жалау Мыңбаев атындағы мектепте химия-биология пәндерінен сабақ беріп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берді. 2006–2009 оқу жылдары білім үйлестіру орталығында жаратылыстану пәндерінің әдіскері қызметін атқарды. Ұстаздың шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанған ![]()
![]()
Сонымен қатар кездесуге Дәрібаев Қанат – Баутин ауылының тумасы, еңбек ардагері шақырылды . Ол “Автобаза” мекемесінде ұзақ жылдар бойы жүргізуші болып еңбек етіп, қала халқын тасымалдау ісіне елеулі үлес қосты. ![]()
Шара қонағының бірі – Сұлтанов Азберген, Аташ ауылының тумасы, еңбек ардагері
. Ол “Баутин теңіз порты” мекемесінде көп жыл адал еңбек етіп, бүгінде құрметті демалыста.
Кездесу барысында ардагерлер өз өмір жолымен, еңбек тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларды елін сүюге , адал еңбек етуге , үлкенді құрметтеуге тәрбиелейтін тағылымды ойлар айтты. Мұндай кездесулер жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі екені сөзсіз ![]()



KZ
