Skip to content

КОНКУРС

Маңғыстау облысы білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылында ҚР Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығын және Қ.Р. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірініші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын негізге ала отырып, келесі бос орындарға озық инновациялық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген білікті мамандарға конкурс жариялайды.

Қажетті мамандар саны:

📌Математика пәні мұғалімі – 2 маман (тұрақты)

📌Логопед – 1 маман (тұрақты)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар https://hr.nobd.edu.kz/ сайтында қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу (тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

12)Осы қағидаларға 12-13 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

13)Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. (Ұсыным хат)

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 09.-16.02.2026ж аралығында жүргізіледі.

Байланыс телефоны:

8 (775) 420-78-28 Ниязбаева Жанат

@tupkaragan_bilim

@mangystau_obl_bilim_baskarma