Мектебімізде «Өмірге ИӘ деп айт!» онкүндігі шеңберінде 6–9 сынып оқушыларына арналған «Өзіңді таны, өзіңді қабылда» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Жасөспірімдердің өзін-өзі тануына ықпал ету, жеке тұлғалық ерекшеліктерін қабылдауға үйрету, өзіндік бағасын арттыру және өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Тренинг барысында:
өзін-өзі тануға бағытталған жаттығулар өткізілді;
оқушылар өздерінің күшті тұстарын анықтады;
ашық пікір алмасу ұйымдастырылды;
бір-біріне қолдау көрсету мәдениеті қалыптастырылды.
Шара оқушылардың белсенді қатысуымен, жылы әрі сенімді атмосферада өтті.
KZ
