Тренингтің мақсаты: Педагогтардың кәсіби және тұлғалық құндылықтарын айқындау, эмоционалдық күйін тұрақтандыру, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру және ұжымдық қолдауды нығайту.
Іс-шара барысында:
«Мен кіммін? Менің күшті тұстарым» бағытында жаттығулар жүргізілді;
кәсіби құндылықтар мен өмірлік ұстанымдар талқыланды;
эмоционалдық күйді реттеуге арналған сергіту жаттығулары орындалды;
бір-біріне қолдау көрсету атмосферасы қалыптастырылды.
Тренинг жылы, ашық әрі сенімді ортада өтіп, педагогтар өз құндылығын сезініп, жағымды эмоция алды.
KZ
