Шараның мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, жасөспірімдердің психологиялық саулығына назар аударту және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында:
бала өмірінің құндылығы мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды;
жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару жолдары түсіндірілді;
ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсыныстар берілді;
ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Жиын барысында ата-аналар көкейдегі сұрақтарын қойып, өзара тәжірибе алмасты. Баланың өміріне немқұрайлы қарамау – оның болашағына жасалған ең үлкен қамқорлық екені ерекше атап өтілді.



KZ
