Skip to content

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

Денсаулық – ең үлкен байлық. Ал сол байлықты сақтаудың ең тиімді жолдарының бірі – дұрыс әрі теңгерімді тамақтану.

🍎 Дұрыс тамақтану дегеніміз:

✔️ Көкөніс пен жеміс-жидекті күнделікті тұтыну

✔️ Ақуызға бай тағамдарды (ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) пайдалану

✔️ Тәтті, газдалған сусындар мен фаст-фудты шектеу

✔️ Күніне 4–5 рет уақытылы тамақтану

✔️ Кемінде 1,5–2 литр су ішу

Мектеп жасындағы балалар үшін дұрыс тамақтану – зейіннің артуына, есте сақтау қабілетінің жақсаруына және иммунитеттің нығаюына әсер етеді.

🌿 Денсаулықты бүгіннен бастап күтейік!

Дұрыс тамақтану – жарқын болашақтың негізі!