Skip to content

«Жасыл желек» топ мүшелерінің бастамасы – Құстарға қамқорлық!

Мектебіміздің «Жасыл желек» табиғат жанашырлары құстарға ұя жасау акциясын ұйымдастырды. Бұл игі іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және құстарға қамқорлық жасауға баулу.

Акция барысында оқушылар өз қолдарымен ағаштан құс ұяларын жасап, мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға орналастырды. Әр ұя – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің белгісі.

🐦 Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі.

🌳 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз.

💚 Бірге қамқор болайық!

«Жасыл желек» мүшелері алдағы уақытта да табиғатты қорғауға бағытталған игі бастамаларды жалғастырады.