Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының 7–10 сынып оқушыларына арналған «Басқа қалаға саяхат» сайысына 70 оқушы қатысуда! ![]()
![]()
Бұл жоба оқушылардың шығармашылығын шыңдап, білім көкжиегін кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.
І тур:
Қатысушылар қазақ киносының жауһары – «Қыз Жібек» фильмінің 1–2 бөлімдерін көріп, арнайы тест тапсырады. Бұл кезең оқушылардың тарихи танымын, көркем туындыны түсіну деңгейін және ойлау қабілетін бағалауға бағытталған.
Жоба аясында келесі бағыттар қамтылады:
«Қамқор»
«Smart Bala»
«Еңбегі адал – жас өрен»
«Ұшқыр ой алаңы»
«Шабыт»
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Жеңіске жетер жол сәтті болсын! ![]()


KZ
