Мектебімізде АПҚО бағдарламасы шеңберінде «Ішкі күш» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тануына ықпал ету, ішкі сенімін арттыру және өмірлік қиындықтарға төтеп беру қабілетін дамыту.
Кездесу барысында:
тұлғалық даму мен өзіндік бағалау;
эмоцияларды басқару;
мақсат қою және оған жету жолдары;
күйзеліс жағдайында дұрыс шешім қабылдау мәселелері талқыланды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті, түрлі тренингтік жаттығулар арқылы ішкі мүмкіндіктерін ашуға қадам жасады. «Ішкі күш» – әр баланың бойында бар құндылық екені, оны дұрыс бағыттап, қолдау көрсету маңызды екені айтылды.
Өзін таныған тұлға – сенімді болашақтың негізі!

KZ
