№4 педагогикалық кеңес
Тақырыбы: «Құндылықтар негізіндегі тәрбие мен білім»
Кеңес барысында ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы сараланып, электрондық журналдың жүргізілуі, ата-аналармен ынтымақтастық, қорытынды аттестаттауға дайындық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, пәндер бойынша ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қарастырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мамандар есеп беріп, алдағы жұмыстарға нақты бағыттар белгіленді.


KZ
