Skip to content

«Эстетика – адамның рухани байлығы» атты эстетика пәндер апталығы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Құлберген Ақтоты оқушылармен көңілді үзіліс өткізді.

Шара сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Қызықты әрі тартымды өткен үзіліс барысында оқушылар сергіп қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.