026 жылғы 31 наурыз күні өткен “Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы” ҚБ Кеңес отырысында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қанжан Гулшат Тәуірханқызы жоғары марапатқа ие болды.
Ұстазымыз “Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды. Бұл – педагогтың кәсіби шеберлігі мен білім саласына қосқан елеулі үлесінің айқын дәлелі.
Қанжан Гулшат Тәуірханқызын шын жүректен құттықтай отырып, еңбегіне толағай табыс, шығармашылық шабыт және шәкірттеріңізбен бірге жаңа биіктерді бағындыруыңызға тілектеспіз!
Ұстаз – ұлы тұлға!

KZ
