Skip to content

«Эстетика – адамның рухани байлығы» атты эстетика пәндер апталығы аясында мектебіміздің психолог мамандары Төлеуова Айдана мен Жиембаева Айгерім оқушыларға арналған көңілді үзіліс ұйымдастырып, түрлі қызықты ойындар ойнатты.

Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Ойын арқылы балалардың қарым-қатынасы нығайып, сергіп, жағымды эмоция алды. Мұндай үзілістер оқушылардың психологиялық ахуалын жақсартып, оқу процесіне деген қызығушылығын арттыра түседі.