Skip to content

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларымен «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясындағы білім саласына қатысты негізгі қағидалар түсіндіріліп, оның қоғам дамуындағы маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған сұрақ-жауап, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.