Skip to content

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай

Мектебімізде оқушылардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Тіс тазалығы» челленджі ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға ауыз қуысының күтімі, тісті дұрыс тазалау ережелері және оның адам денсаулығына тигізетін маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар тіс тазалаудың күнделікті дағды екенін түсініп, оны дұрыс әрі уақытылы орындаудың маңыздылығын ұғынды. Сонымен қатар, челленджге белсенді қатысып, өздерінің үлгілі дағдыларымен бөлісті.

🦷 Тіс саулығы – жалпы денсаулықтың кепілі!

Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, тазалықты сақтауы қажет.