Мектебімізде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында оқушыларға терезе маңында ойнаудың қауіптілігі, абайсыз әрекеттердің қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екендігі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сақтық шараларын күшейту туралы маңызды ақпараттар берілді.
Оқушыларға әрдайым өз өміріне жауапкершілікпен қарау, қауіпті жағдайлардан аулақ болу қажеттігі ескертілді.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әркімнің міндеті!
Балалардың амандығы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.


KZ
