Жиын барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Прокуратура қызметкерлері жасөспірімдердің жауапкершілігі, құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпарат беріп, нақты мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай шаралар жас ұрпақты заңды құрметтеуге, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

KZ
