“Таза Қазақстан” тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес мектебімізде түлектердің қатысуымен ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Аталған игі шара барысында мектеп бітіруші түлектер өз қолдарымен ағаш көшеттерін отырғызып, білім ордасының ауласын көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты.
Шараның мақсаты:
Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және мектеп аумағын көркейту арқылы болашаққа жасыл мұра қалдыру.
Акция барысында отырғызылған әрбір ағаш – түлектердің мектепке деген алғысының, құрметінің белгісі. Бұл бастама табиғатты қорғау ісіне қосылған маңызды үлес болып табылады.
Осындай игі дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Таза орта – жарқын өмірдің негізі!


KZ
