Ақмаржан шаһар – Ақтауға арнайы ат басын бұрған Санжар Керімбай ағамыздың алдында мектебіміздің 6 «Б» сынып оқушысы Дүйсеғали Адайдың өнер көрсетуі — біз үшін зор мақтаныш әрі үлкен мәртебе.
Үлкендердің батасын алып, ұлттық құндылықтарымызды қастерлей білетін ұрпақтың көбейе беруі — бәріміздің ортақ тілегіміз. Осындай саналы, білімге құштар, өнерге жақын шәкірттер тәрбиелеу жолында еңбегіміз жемісті болғай.