2026–2027 оқу жылына республика бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау
2026 жылғы 27 мамыр – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Маңғыстау облысында:
құжат қабылдау 29 маусым – 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
![]()
Мектепалды даярлықтан өткен және сол мектепте оқуын жалғастырғысы келетін балалар автоматты түрде қабылданады.
Басқа мектепті таңдаған ата-аналар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Қажетті құжаттар:
Өтініш (ата-ана немесе заңды өкілден)
052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты
065/у медициналық анықтамасы
3×4 көлеміндегі 2 фотосурет
Қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы
Құжаттар электронды және қағаз түрінде қабылданады.
Балаңыздың жарқын болашағы – бүгіннен басталады!
KZ
