Шара барысында оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірі, қызмет ерекшеліктері және әскери техникалар жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар, қару-жарақ түрлерін көріп, олардың қолданылу ерекшеліктерімен жақыннан танысуға мүмкіндік болды.
Аталған іс-шара оқушылардың әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімдерін нығайта түсті.
KZ
