Skip to content

Жас мамандар апталығы аясында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегейқызы Гүлшат 5 «Б» сыныбында «Нағыз әже қайда?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар шығарма мазмұнын талдап, кейіпкерлерге сипаттама беріп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Әсіресе, әже бейнесі арқылы ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесінің маңызы кеңінен ашылды.

Оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, белсенділік танытып, сабаққа қызығушылықпен қатысты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, жас маманның шығармашылығы мен кәсіби шеберлігі көрініс тапты.