Skip to content

Жас мамандар апталығы аясында химия пәнінің мұғалімі Мухамединқызы Ләззат 7 «Б» сыныбында «Адам организміндегі химиялық элементтер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызы мен қызметі туралы білім алды. Теориялық мәліметтер практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, оқушылар белсенді түрде жұмыс жасады.

Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығы көрініс тапты.