Skip to content

“Отбасым – менің мақтанышым” сурет көрмесі

Мектебімізде “Отбасым – менің мақтанышым” атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – оқушылардың отбасыға деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-анаға құрмет сезімін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрмеге ұсынылған әрбір суретте балалар өз отбасына деген ыстық ықыласын, махаббатын және ерекше көзқарасын бейнелей білді. Жас суретшілердің туындылары арқылы отбасының маңызы мен құндылығы айқын көрініс тапты.