Skip to content

Ардагерлердің ерлігі — ұрпаққа үлгі!

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай мектебіміздің ұжымы тыл ардагері Бекеева Жибек апамыздың шаңырағына барып, мерекелік құттықтауын жеткізді. 🌷

Ерен еңбек пен қажырлы қайраттың үлгісін көрсеткен ардагерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз.

Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерімізге мың алғыс!