Skip to content

Мектебімізде 6–11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Қыдырбай Айбар Маратұлы оқушыларға бағдарлама туралы жан-жақты мәлімет беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. ✨

Оқушылар білім алу мүмкіндіктері, болашақ мамандық таңдау және бағдарлама артықшылықтары жайлы пайдалы ақпарат алды.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың болашаққа деген сенімін арттырып, мақсат қоюына үлкен мотивация береді.