Skip to content

№5 педагогикалық кеңес өтті

Мектебімізде «Мектептің жаңартылған білім жүйесіндегі сапасының мониторингі» тақырыбында №5 педагогикалық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында IV тоқсан мен оқу жылының қорытындылары сараланып, білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау, әдістемелік және тәрбие жұмыстарының нәтижелері талқыланды.

Сонымен қатар педагогтердің шығармашылық жұмыстары, пән бірлестіктерінің атқарған істері мен алдағы міндеттері қарастырылып, бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Педагогикалық кеңес барысында ұстаздардың кәсіби еңбегі бағаланып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған міндеттер айқындалды