Skip to content

АПҚО бағдарламасы аясында «Ішкі күш» тақырыбында кездесу өтті

Мектебімізде АПҚО бағдарламасы шеңберінде «Ішкі күш» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тануына ықпал ету, ішкі сенімін арттыру және өмірлік қиындықтарға төтеп беру қабілетін дамыту.

Кездесу барысында:

🔹 тұлғалық даму мен өзіндік бағалау;

🔹 эмоцияларды басқару;

🔹 мақсат қою және оған жету жолдары;

🔹 күйзеліс жағдайында дұрыс шешім қабылдау мәселелері талқыланды.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті, түрлі тренингтік жаттығулар арқылы ішкі мүмкіндіктерін ашуға қадам жасады. «Ішкі күш» – әр баланың бойында бар құндылық екені, оны дұрыс бағыттап, қолдау көрсету маңызды екені айтылды.

🌿 Өзін таныған тұлға – сенімді болашақтың негізі!