«Абилимпикс: Дала дәстүрі – болашақ мүмкіндіктер» инклюзивті фестивалінде мектебіміздің оқушылары жүлделі жетістіктерге жетті
7-сынып оқушысы Шеркешбай Еркеназ
«Киіз өнері» бағыты бойынша ІІІ орын иеленді.
5-сынып оқушысы Таспай Мерей
«Дайын металл элементтерінен ұлттық сәндік әшекейлерді құрастыру» бағыты бойынша
«Үздік маман» атанды.
Оқушыларымыздың шығармашылық табыстары құтты болсын!
Ұлттық өнерді дәріптеп, ерекше қабілеттерімен танылып жүрген шәкірттерімізге алдағы уақытта да биік белестер тілейміз!


KZ
