Skip to content

Даярлық сыныптар арасында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге достық, татулық және бірлік құндылықтарын дәріптеу болды. Мерекелік бағдарлама барысында кішкентай өнерпаздар ән шырқап, би билеп, түрлі ұлттардың мәдениетін таныстыратын әсерлі көріністер қойды.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытып, ерекше көңіл күйге бөленді 🎉

Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, мерекелік атмосфера әр баланың жүрегінде жылы әсер қалдырды