5–6 сынып
«Буллингтен қорған» тақырыбында психолог тарапынан түсіндірме жұмыстары мен алдын алу жаттығулары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар:
буллинг ұғымымен танысты;
қалжың мен қорлаудың айырмашылығын ажыратуды үйренді;
буллинг жағдайында дұрыс әрекет ету жолдарын талқылады;
«ТОҚТА – АЙТ – КӨМЕК СҰРА» алгоритмімен жұмыс жасады;
ойын және жағдаяттық жаттығулар арқылы өз пікірлерін білдірді.
Мақсаты: оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас қалыптастыру,
буллингтің алдын алу және өзара қолдауды дамыту.
ДосболLIKE – ренжітпеу, қорғау, қолдау!


KZ
