Skip to content

Дүйсенбі күні мектебімізде 5–11 сынып оқушыларына арналған жалпы мектептік линейка өткізілді. Линейка барысында мектептегі тәртіп, оқушылардың мектеп формасын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, оқу мен түрлі байқауларда жетістікке жеткен оқушыларымыз марапатталып, олардың еңбектері ерекше атап өтілді. Жүлделі орын алған білімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Оқушыларымызға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, мектеп абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!