Денсаулық – ең үлкен байлық. Ал сол байлықты сақтаудың ең тиімді жолдарының бірі – дұрыс әрі теңгерімді тамақтану.
Дұрыс тамақтану дегеніміз:
Көкөніс пен жеміс-жидекті күнделікті тұтыну
Ақуызға бай тағамдарды (ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) пайдалану
Тәтті, газдалған сусындар мен фаст-фудты шектеу
Күніне 4–5 рет уақытылы тамақтану
Кемінде 1,5–2 литр су ішу
Мектеп жасындағы балалар үшін дұрыс тамақтану – зейіннің артуына, есте сақтау қабілетінің жақсаруына және иммунитеттің нығаюына әсер етеді.
Денсаулықты бүгіннен бастап күтейік!
Дұрыс тамақтану – жарқын болашақтың негізі!
KZ
