«Эстетика – адамның рухани байлығы» атты эстетика пәндер апталығы аясында АӘД пәні мұғалімі Сафиев Нұрлыбек 10 «Ә» сыныбында «Тыныс алу жолдарын қорғау құралдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарының түрлері, қолдану тәсілдері және олардың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Практикалық бөлімде оқушылар қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын меңгеріп, өз білімдерін көрсетті.