Skip to content

«Эстетика – адамның рухани байлығы» атты эстетика пәндер апталығы аясында мектебіміздің психолог мамандары Төлеуова Айдана мен Жиембаева Айгерім мұғалімдерге арналған “Шаршаудан шабытқа” атты арт-терапиялық тренинг өткізді.

Шара барысында ұстаздар шығармашылық тапсырмалар арқылы бой сергітіп, күйзелістен арылып, жағымды эмоцияға бөленді. Арт-терапия қатысушылардың ішкі жан дүниесін ашып, шабыт пен жаңа күш сыйлады. Осындай пайдалы іс-шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, жұмысқа деген ынтасын арттыра түседі.