Skip to content

«Кәсіпкерлікке алғашқы қадам» мини-жобалар сайысы

Бүгін 1–4 сынып оқушылары арасында «Кәсіпкерлікке алғашқы қадам» тақырыбында мини-жобалар сайысы өтті.

Сайыс барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, түрлі бағыттағы мини-жобаларын дайындап, қорғады. Балалар өз идеяларын еркін жеткізіп, кәсіпкерлікке деген алғашқы қызығушылықтарын көрсете білді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту, қаржылық сауаттылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыру, өз идеяларын ұсынуға және іске асыруға ынталандыру.

Сайыс жас қатысушылар үшін қызықты әрі пайдалы өтті. Барлық оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық жұмыстарымен қуантты 👏

✨ Осындай шаралар оқушылардың болашаққа деген сенімін арттырып, жаңа идеяларға жол ашады!